2015 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі (бұдан әрі – қызмет түрлерінің тізбесі) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) 2016 жылғы 1 сәуірге дейін бекітілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жарғылық құжаттардан алып тастау арқылы өздерінің ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларының (олардағы акцияларды (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену елу пайыздан астамды құрайтын) қызмет түрлерін сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулының 2-тармағының талабы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес жекешелендіруге жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 1 желтоқсанға дейін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар беруді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен бекітілген
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы
мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі
1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері
Р/с
№ ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы ЭҚЖЖ
коды
1 2 3
1. Аралас ауыл шаруашылығы 01500
2. Ғарыштық ұшу аппараттарын жасау 30302
3. Хирургиялық және ортопедиялық құрылғыларды жасау 32503
4. Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою 38220
5. Жолдар мен автомагистральдар құрылысы 42111
6. Ортақ пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар
автомобиль жолдарын (учаскелерін) салуды, реконструкциялауды,
жөндеуді, пайдалануды және ондағы ақылы қозғалысты ұйымдастыру,
сонымен қатар ағымдағы жөндеу мен ұстау 42112
7. Барлау мақсатымен бұрғылау 43130
8. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде
фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудада сату 46462
9. Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақ үй қызметін көрсету 55103
10. Газет шығару 58130
11. Журналдар мен мерзімді басылымдарды шығару 58140
12. Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару
жөніндегі қызмет 59110
13. Радиохабар тарату 60100
14. Телевизиялық бағдарламалар жасау және трансляциялау қызметі 60200
15. Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін
телекоммуникациялық сымды байланыс 61101
16. Өзге телекоммуникациялық сымсыз байланыс 61209
17. Байланыс ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар
саласындағы қызмет 61303
18. Деректерді орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер 63111
19. Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдай отырып, әдіснамалық-
ақпараттық қамтамасыз ету 63112
20. Веб-порталдар 63120
21. Холдингтік компаниялар қызметі 64200
22. Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингі 64912
23. Өзге топтамаларға жатқызылмаған сақтандыру және зейнетақы қорлары
көрсететін қызметтерді қоспағанда, қаржылық қызметтердің басқа түрлері 64999
24. Өмірді мемлекеттік сақтандыру 65111
25. Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру 65302
26. Жеке меншік мүлікті жалға беру және басқару 68201
27. «Эталон орталығын» пайдалану кезінде шараларды қамтамасыз ету 68322
28. Картография саласында көрсетілетін қызметтер 71125
29. Геология саласындағы зертханалық-талдамалық зерттеулер 71204
30. Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу,
ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен
эксперименттік әзірлемелер 72191
31. Геология саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары 72192
32. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер 72193
33. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және
эксперименттік әзірлемелер 72194
34. Инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер 72195
35. Индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық
ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер 72202
36. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер мен
эксперименттік әзірлемелер 72203
37. Экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы
пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелер 72204
38. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу 74902
39. Инновациялық технологиялармен айналысатын ведомстволық қызметтердің
(медициналық, білім беру, консультациялық және т.б.) жұмысы 74903
40. Басқа санаттарға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 74909
41. Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру 82300
42. Халықаралық қызмет 84210
43. Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет 84250
44. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет 84300
45. Жоғары білім 85420
46. Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері 85599
47. Кең бейіндегі және мамандандырылған ауруханалар қызметі 86101
48. Стационарлары бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі 86109
49. Жалпы дәрігерлік практика 86210
50. Театр қызметі 90011
51. Концерт қызметі 90012
52. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі 92000
2. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы
мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері
Р/с
№ ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы ЭҚЖЖ
коды
1 2 3
1 Жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35111
2 Өзге электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35114
3 Электр энергиясын беру 35120
4 Электр энергиясын бөлу 35130
5 Жылу желілерінің жылу энергиясын өндіруі 35301
6 Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі 35302
7 Жылумен жабдықтау 35303
8 Суды жинау, өңдеу және бөлу 36000
9 Кәріз жүйесі 37000
10 Электротехникалық және монтаж жұмыстары 43210
11 Автобуспен тасымалдау 49311
12 Трамваймен тасымалдау 49312
13 Троллейбуспен тасымалдау 49313
14 Терминалдар көрсететін қызметтер 52213
15 Өзге көліктік-экспедициялық қызметтер 52299
16 Холдингтік компаниялар қызметі 64200
17 Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру 70221
18 Басқа санаттарға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 74909
19 Экономикалық қызметті тиімді жүргізуді реттеу және жәрдемдесу 84130
20 Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері 85599
21 Мәдениет және демалыс саябақтары мен тақырыптық саябақтардың қызметі 93210
22 Коммерциялық және кәсіпкерлік ұйымдардың қызметі 94110
3. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге
асыратын қызмет түрлері
Р/с
№ ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы ЭҚЖЖ
коды
1 2 3
1 Ағаш өсіру және өзге орман шаруашылығы қызметі 02100
2 Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру 05101
3 Лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру 05201
4 Лигнитті (қоңыр көмірді) жерасты тәсілімен өндіру 05202
5 Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру 06100
6 Метаннан басқа табиғи газды өндіру 06201
7 Көмір кен орнынан метанды өндіру 06202
8 Темір кенін жерасты тәсілімен өндіру 07101
9 Темір кенін ашық тәсілмен өндіру 07102
10 Уран және торий кенін өндіру 07210
11 Мыс кенін өндіру және байыту 07292
12 Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту 07293
13 Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру 07298
14 Басқа түсті металл кендерін өндіру 07299
15 Сәндік және құрылыс тасын өндіру 08111
16 Әктасты, гипсті және борды өндіру 08112
17 Малтатасты және құмды карьерлерді игеру 08121
18 Химиялық өнеркәсіп пен тыңайтқыштар алу үшін минералды шикізаттар өндіру 08910
19 Металл емес кенді өндіру және байыту 08992
20 Шыны өнеркәсібі үшін бастапқы шикізат өндіру 08994
21 Асыл тастар (алмастан басқа) және жартылай асыл тастар, жарқырауық
тастар және кәріптас өндіру 08995
22 Мұнай мен табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдау 09100
23 Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары және жерасты қазба жұмыстары
үшін техникалық қолдау 09900
24 Балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу 10200
25 Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 19201
26 Өнеркәсіптік газды өндіру 20110
27 Өзге бейорганикалық негізгі химиялық заттар өндірісі 20130
28 Биоэтанол өндірісі 20142
29 Өзге органикалық химиялық заттар өндірісі 20149
30 Бастапқы пішіндегі пластмасса өндірісі 20160
31 Бастапқы пішіндегі синтетикалық каучук өндірісі 20170
32 Басқа химиялық өнімдер өндірісі 20599
33 Пластмасса табақтар, шиналар мен профильдерге арналған камералар өндірісі 22210
34 Тауарларға арналған пластик ораулар өндірісі 22220
35 Табақ шыны өндірісі 23110
36 Шыны ыдыс өндірісі 23131
37 Түрпілі бұйымдар өндірісі 23910
38 Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі 24100
39 Бағалы (асыл) металдар өндірісі 24410
40 Қорғасын, мырыш және қалайы өндірісі 24430
41 Титан мен магний, вольфрам мен молибден өндірісі 24452
42 Түсті металдар мен қорытпалар өңдеу 24454
43 Сирек металдар мен жартылай өткізгіш материалдар өндірісі 24455
44 Ядролық отынды өңдеу 24460
45 Шойын құю 24511
46 Болат құю 24520
47 Өзге түсті металдарды құю 24540
48 Өзге металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер жасау 25290
49 Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндірісі 25400
50 Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар түсіру 25610
51 Өзге металл бұйымдар өндірісі 25710
52 Металл және ағаш өңдеу аспаптарын жасау 25731
53 Металл бөшкелер және ұқсас сыйымдылықтар жасау 25910
54 Өзге дайын металл бұйымдар өндірісі 25999
55 Электронды бөлшектер өндірісі 26110
56 Өндірістік мақсаттағы теле- және радиоаппаратура өндірісі 26301
57 Кабельді телефон және телеграф байланысына арналған аппаратура өндірісі 26302
58 Пайдаланушыларға арналған электронды құралдар жасау 26400
59 Механикалық шамаларды өлшеуге арналған құралдар жасау 26511
60 Электр өлшеу құралдарын жасау 26512
61 Радио өлшеу аспаптарын жасау 26513
62 Физикалық зерттеулерге арналған аспаптар жасау 26515
63 Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар жасау 26600
64 Электрод өнімдерін жасау 27901
65 Электр оқшаулағыш бұйымдарын жасау 27902
66 Электросигналды жабдықтар жасау 27903
67 Өзге электр механизмдері мен аспаптарын жасау 27909
68 Қозғалтқыштарды жасау 28111
69 Турбиналар жасау 28112
70 Крандарды жасау (құрылыстық емес) 28221
71 Құрылысқа арналған крандарды жасау 28222
72 Үздіксіз көлік жабдығын жасау 28223
73 Лифт өндірісі 28224
74 Авто және электр тиегіштерді жасау 28225
75 Өзге көтергіш-көліктік, тиегіш-түсіргіш және қойма жабдықтарын жасау 28229
76 Ауа кондиционерлерін, желдеткіштерін жасау 28252
77 Сүзгіш және тазалауыш жабдықтарды жасау 28292
78 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау 28302
79 Мұнай кәсіпшілігінің және бұрғылау геологиялық барлау жабдықтарын жасау 28991
80 Мұнай мен газ өңдеу жабдықтарын жасау 28992
81 Электрондық өнеркәсіпке арналған арнайы технологиялық жабдықтарды жасау 28993
82 Шыны өндірісіне арналған технологиялық жабдықтарды жасау 28994
83 Полиграфиялық өнеркәсіпке арналған технологиялық жабдықтарды жасау 28995
84 Арнайы мақсаттағы басқа машиналар жасау 28999
85 Тіркемелерді және жартылай тіркемелерді жасау 29202
86 Корабльдер мен қалқымалы конструкцияларды жасау 30110
87 Темір жол локомотивтерін және жылжымалы құрамды жасау (жөндеусіз) 30200
88 Әскери жауынгерлік автокөлік құралдарын жасау 30400
89 Зергерлік бұйымдарды жасау 32120
90 Металл цистерналарды, резервуарларды және контейнерлерді жөндеу 33111
91 Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтарын жөндеу 33113
92 Дәрімен атылатын және артиллериялық қаруды жөндеу 33114
93 Металл бөшкелерді және ұқсас сыйымдылықтарды жөндеу 33115
94 Басқа да металл бұйымдарды жөндеу 33119
95 Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33121
96 Жалпы мақсаттағы басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33122
97 Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен
жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33123
98 Станоктарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33124
99 Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу
және техникалық қызмет көрсету 33125
100 Кеңсе машиналарын және есептеуіш техникаларды жөндеу және
техникалық қызмет көрсету 33126
101 Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды
жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33131
102 Бақылау жабдығын жөндеу 33132
103 Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапевтік
жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33133
104 Оптикалық аспаптарды және фотографиялық жабдықты жөндеу және
техникалық қызмет көрсету 33134
105 Электромоторларды, генераторларды және трансформаторларды жөндеу
және техникалық қызмет көрсету 33141
106 Электр бөлу және реттеу аппаратураларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33142
107 Электрмен жарықтандыру жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33143
108 Басқа санаттарға кірмеген, өзге де электр жабдықтарын техникалық
күту және жөндеу 33149
109 Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету 33151
110 Спорт және серуенге арналған қайықтарды жөндеу және
техникалық қызмет көрсету 33152
111 Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу 33171
112 Өнеркәсіптік техника мен жабдықты жөндеу 33200
113 Жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35111
114 Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35112
115 Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35114
116 Электр энергиясын беру 35121
117 Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру,
электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімділігін ұйымдастыру 35122
118 Ұлттық электр желісінің жабдығына пайдалану қызметтерін көрсету 35123
119 Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету, электр
қуатын реттеу және резервтеу 35124
120 Электр энергиясын бөлу 35130
121 Электр энергиясын тұтынушыға сату 35140
122 Газ тәрізді отынды өндіру 35210
123 Құбырлар арқылы газ тәрізді отынды бөлу 35220
124 Газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сату 35230
125 Жылу желілерінің жылу энергиясын өндіруі 35301
126 Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі 35302
127 Жылумен жабдықтау 35303
128 Жылу электр станцияларының жылу энергиясын өндіруі 35305
129 Суды жинау, өңдеу және бөлу 36000
130 Кәріз жүйесі 37000
131 Қауіпсіз қалдықтарды жинау 38110
132 Қауіпті қалдықтарды жинау 38120
133 Қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою 38210
134 Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою 38220
135 Қара металдың қалдықтары мен сынықтарын өңдеу 38321
136 Тұрғын үй ғимараттарының құрылысы 41201
137 1 санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, басқа
тұрғын емес ғимараттардың құрылысы 41202
138 Жолдар мен автомагистральдар құрылысы 42111
139 Ортақ пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар
автомобиль жолдарын (учаскелерін) салуды, реконструкциялауды,
жөндеуді, пайдалануды және ондағы ақылы қозғалысты ұйымдастыру,
сонымен қатар ағымдағы жөндеу мен ұстау 42112
140 Темір жолдар және метро құрылысы 42120
141 Магистральдық мұнай және газ құбырларының құрылысы 42211
142 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбырлардың құрылысы 42212
143 Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз етуге
арналған бөліп таратқыш объектілердің құрылысы 42220
144 Су құрылыстарын салу 42910
145 Ғимараттарды бөлшектеу және бұзу 43110
146 Жер жұмыстары 43121
147 Жару жұмыстары 43122
148 Барлау мақсатымен бұрғылау 43130
149 Телекоммуникациялық, компьютерлік және телевизиялық желілерді
тарату бойынша электр техникалық және монтаждау жұмыстары 43211
150 Өзге де электр техникалық және монтаждау жұмыстары 43219
151 Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау 43220
152 Оқшаулау жұмыстары 43291
153 Өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары 43298
154 Құрастырылған жабдықты қосу және реттеу 43299
155 Сылақ жұмыстары 43310
156 Ағаш шеберінің және ағаш ұстасының жұмыстары 43320
157 Еденге жабын төсеу және қабырғаларды қаптау жұмыстары 43330
158 Сырлау және шыны жұмыстары 43340
159 Өзге әрлеу жұмыстары 43390
160 Төбе жабу жұмыстары 43910
161 Шахталар құрылысы 43991
162 Құрылыс жабдығын операторымен жалға беру 43993
163 Арнайы кәсіптерді талап ететін өзге құрылыс жұмыстары 43999
164 Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 45200
165 Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен
жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі 46110
166 Түрлі ассортименттегі тауарларды сату жөніндегі агенттердің қызметі 46190
167 Тері мен былғарыны көтерме саудада сату 46240
168 Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату 46711
169 Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату 46712
170 Тас көмірді көтерме саудада сату 46713
171 Лигнитті (қоңыр көмірді) көтерме саудада сату 46714
172 Авиация бензинін және жермайды көтерме саудада сату 46715
173 Автомобиль бензинін көтерме саудада сату 46716
174 Дизель отынын көтерме саудада сату 46717
175 Отын мазутын көтерме саудада сату 46718
176 Өзге де отынды көтерме саудада сату 46719
177 Қара және түсті металл кендерін көтерме саудада сату 46721
178 Шойын, болат және олардың құймасын көтерме саудада сату 46722
179 Бағалы металдарды көтерме саудада сату 46724
180 Өзге де аралық өнімдерді көтерме саудада сату 46762
181 Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сату 46771
182 Бағалы металдар мен асыл тастардың сынықтарын көтерме саудада сату 46772
183 Өзге де металл емес қалдықтар мен сынықтарды көтерме саудада сату 46779
184 Мамандандырылған дүкендерде мотор отынын бөлшек саудада сату 47301
185 Жолаушылар темір жол көлігі, қалааралық 49100
186 Жүк теміржол көлігі 49200
187 Автобуспен тасымалдау 49311
188 Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының өзге түрлері 49390
189 Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 49410
190 Тасымалдау бойынша қызметтер 49420
191 Құбыржолмен тасымалдау 49500
192 Теңіз және жағалау жүк көлігі 50200
193 Кестеге бағынатын жолаушылар әуе көлігінің қызметі 51101
194 Астықты қоймаға қою және сақтау 52101
195 Астықтан басқа азық-түлік емес тауарларды қоймаға қою және сақтау 52102
196 Азық-түлік тауарларын қоймаға қою және сақтау 52103
197 Темір жолды пайдалану 52211
198 Терминалдар көрсететін қызметтер 52213
199 Су тартқыштарды қосқанда, магистральды және басқа да құбырларды пайдалану 52215
200 Қолданыстағы магистральды және өзге де құбыржолдарға құбыржол
жалғау (қосу) жөнінде көрсетілетін қызметтер 52216
201 Құрлық көлігі саласында көрсетілетін өзге де қызметтер 52219
202 Су көлігі саласында көрсетілетін қызметтер 52220
203 Жолаушылар мен жүк тасымалына жататын өзге қызмет 52239
204 Жүктерді көліктік өңдеу 52240
205 Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер 52291
206 Көліктегі техникалық қадағалау 52292
207 Жалпыға бірдей қамту аймағында қызметтерді ұсыну міндеттемелеріне
сәйкес пошталық көрсетілетін қызметтер 53100
208 Өзге пошталық және курьерлік қызмет 53200
209 Тұрғын үйдің басқа түрлері 55900
210 Елді мекендерден тыс тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері 56291
211 Жолаушылар поездарында тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері 56292
212 Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін
телекоммуникациялық сымды байланыс 61101
213 Өзге телекоммуникациялық сымды байланыс 61109
214 Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін
телекоммуникациялық сымсыз байланыс 61201
215 Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының желісі
арқылы теле-, радио бағдарламаларды таратуды ұйымдастыру 61202
216 Өзге телекоммуникациялық сымсыз байланыс 61209
217 Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін спутниктік
телекоммуникациялар саласындағы қызмет 61301
218 Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін спутниктік
телекоммуникация саласындағы қызмет 61302
219 Байланысты ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет 61303
220 Интернет желісі арқылы телерадио бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет 61901
221 Телекоммуникациялық қызметтердің өзге түрлері 61909
222 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу 62011
223 Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу 62012
224 Ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық және
практикалық көрсетілетін қызметтер 62021
225 Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді
қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық
құрал-жабдықтарды басқару жөніндегі қызмет 62031
226 Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар саласындағы
қызметтің басқа түрлері 62092
227 Деректерді өңдеу және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер 63111
228 Веб-порталдар 63120
229 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып
табылатын банктерді қоспағанда, банктердің қызметі 64191
230 Жинақ банктерінің қызметі 64192
231 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып
табылатын банк қызметі 64193
232 Холдингтік компаниялар қызметі 64200
233 Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингінен басқа
қаржылық лизингтер 64911
234 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын арнайы қаржылық
қолдау қорларының қызметі 64922
235 Индустриялық-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне көрсетілетін қаржы-экономикалық көрсетілетін қызметтер 64991
236 Басқа қаржылық қызметтер, экономиканың басқа салаларын қаржыландыру,
инвестициялық қызмет 64992
237 Кредит берудің өзге түрлері 64929
238 Өзге топтамаларға жатқызылмаған сақтандыру және зейнетақы қорларының
қызметтерінен басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа түрлері 64999
239 Сақтандыру агенттерінің және брокерлерінің қызметі 66220
240 Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі басқа қосалқы қызмет 66290
241 Жеке меншік мүлікті жалға беру және басқару 68201
242 Жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану 68202
243 Бас компаниялардың мемлекеттік индустриялық-инновациялық
даму саясатын жүзеге асыруға байланысты қызметі 70101
244 Басқа да бас компаниялардың қызметі 70109
245 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу 70222
246 Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет
саласындағы қызмет 71111
247 Атом өнеркәсібі және атом энергетикасын қоспағанда, инженерлік
ізденістер саласында көрсетілетін қызмет және осы салада техникалық
консультациялар беру 71121
248 Геологиялық барлау мен ізденістер жүргізу жөніндегі қызмет
(ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерсіз) 71122
249 Инженерлік ізденістер саласындағы қызмет және осы салада атом өнеркәсібі
мен атом энергетикасы объектілері үшін техникалық консультация беру 71126
250 Мұнай өндіруші зауыттардың зертханалық сынақтар мен талдаулар
жүргізуді жүзеге асыру қызметі 71203
251 Техникалық сынаулар мен талдауды жүзеге асыратын басқа да мекемелер қызметі 71209
252 Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу,
ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен
эксперименттік әзірлемелер 72191
253 Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер
және эксперименттік әзірлемелер 72194
254 Индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық
саладағы қолданбалы зерттеулер 72202
255 Жарнама агенттіктерінің қызметі 73110
256 Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру 73120
257 Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе үшін компьютерлер
мен перифериялық жабдықтарды жалға алу 77331
258 Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен
материалдық құралдарды жалға алу 77391
259 Қорғалған авторлық құқықтармен жасалатын жұмыстарды қоспағанда,
зияткерлік меншікті және ұқсас өнімдерді жалға алу 77400
260 Ұлттық компаниялар құрған, стратегиялық объектілерге қызмет көрсету
үшін техникалық және көмекші персоналды ұсыну жөніндегі ұйымдардың қызметі 78302
261 Брондау бойынша көрсетілетін қызметтердің өзге түрлері және оған ілеспе қызметтер 79900
262 Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметі 80102
263 Тазалау бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері 81290
264 Фотокөшірмелеу жұмыстары, құжаттамалар дайындау және
мамандандырылған кеңселік қызмет көрсетудің өзге түрлері 82190
265 Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің жұмысы 82200
266 Төлемдерді жинау агенттіктері мен кредиттік бюролардың қызметі 82910
267 Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі 84250
268 Кәсіптік орта білім 85322
269 Жоғары білім 85420
270 Ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері 85592
271 Ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдары ұсынатын
қосалқы білім беру қызметтері 85601
272 Санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі 86103